Алматыда азық-түлік сататын 6 базар жұмысын жалғастырады – әкімдік
Алматыда жұмысын жалғастыратын азық-түлік базарлары мен карантинге жабылатын сауда орындарының тізімі жарияланды

Бүгінде қалада 52 базар тіркелген, оның ішінде 6 азық-түлік базары штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Олар - «Жұлдыз», «Барыс-4», «Береке», «Қарасу», «Саудакент», «Ақ-Бұлақ» базарлары. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, қалада 17 әмбебап базардағы азық-түлік нүктелері жұмысын жалғастыруда (азық-түлік емес тауарлар сататын нүктелер жабылуда). Олар - «Тастақ», «Кәрім», «Ақсай-3», «Арыстан», «Сарыарқа», «Орбита», «Айнабұлақ», «Сәлем», «Верненский», «Көк базар», «Таусамалы», «Барлық», «Мехриниса», «Түрксіб», «Керуен», «Алматы-1», «Жетысу-Семиречье» нүктелері.
Алматының азық-түлік емес тауарлар сататын 29 базары карантинге жабылуда. Олар - «Арлан», «Кенжехан», «Қазына», «Өжет», «Үшқоңыр», «Ақбұлақ», «Алатау», «Еуразия», «Саяхат», «Азия», «Сауран», «Жібек-Жолы», «Тұлпар», «Тигрохауд», «Алатау-1», «Дәстүр», «Олжа», «Юпитер», «Байсат», «Рахат КЗ», «Ялан-2», «Батыр», «Рахат», «Барыс», «Нұрсат», «Ақ-бұлақ», «Бахар», «Үміт», «Алтай» секілді базарлар.
«Алматының сауда және ойын-сауық орталықтарына (СОО), сауда орталықтарына (СО) және сауда үйлеріне (СҮ) келетін болсақ, олардың аумақтарында орналасқан дәріхана бөлімшелерінен, екінші деңгейлі банктер мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық 24 СОО, 38 СО және 58 СҮ карантинге жабылды. Қалада 3 378 азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыруда. 2 263 азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер карантинге жабылды», - делінген Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі таратхан хабарламада.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы