Фотореп: карантин алдындағы Нұр-Сұлтан

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы үш күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласында көлік қозғалысы да, көшеде жүрген адам қарасы да айтарлықтай азайды

Фотолардың авторы: Алиакбар Қадырбаев, Батыржан Беспаев, Нұрдәулет Әбікеев

19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды. Azattyq Rýhy сіздерге ертеңнен бастап карантин енгізілетін Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі бет-бейнесін фотореп ретінде ұсынады.  

Енді қала көшелерінде бейсауат, себепсіз жүру шектеледі.

Көптеген мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын карантин мен коменданттық сағатты шатастырмауға шақырды.

Карантин күндері азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен көлік жуатын жерлер ғана жұмыс істейді.

Елордадағы 12 ойын-сауық орталығы да жұмысын тоқтатады. Мейрамханалардың аузына құлып салына бастады. 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын шектейді. Көпшілік енді онлайн-қызметке жүгінеді. 

Соңғы екі күн ішінде Нұр-Сұлтанда көлік қозғалысы 30%-ға, нақтырақ айтқанда 700 мыңнан 400 мыңға төмендегені байқалады.

Қалада медициналық маска мен антисептик іздеушілер көп. Көп дәріханалардан мұндай медициналық құралды табу мұңға айналды. Бұған дейін қалалық әкімдік Нұр-Сұлтан қаласында маска сатылатын дәріханалардың тізімін жариялаған болатын.