Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимді енгізуде. Кәсіпкерлер пікірі қандай?

Автор: Azattyq Rýhy

Визасиз режим тек бизнеске ғана әсер етпейді.

CFP

Қазақстан мен Қытай туризм, медицина және іскерлік кездесулер мақсатында екі елдің азаматтарына мемлекеттер аумағында 30 күнге дейін еркін болуға мүмкіндік беретін өзара визасыз режим туралы келісімге қол қояды деп күтілуде.

Өткен жылы Қазақстан қытайлық туристерге екі апта мерзімге визасыз кіруге рұқсат берді.

Стандартты консулдық алым карантинге дейінгі жылдары 250 мың теңгеден аспаса, коронавирус кезінде бұл елге виза құны 2 есе қымбат болды.

«Қытай визасын алу өте қиын. Оның құны 400 мың теңге және 2-3 ай күту керек. Сондықтан визасыз режим келісімі қазақстандық бизнес үшін үлкен плюс, бірден келісімшарт алып, жүк туралы ақпаратты беріп, Қытай жағына кіріп, жүкті алып кетуге болады», - деді  "Атамекен"ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Мұрат Әмірин.

Визасиз режим тек бизнеске ғана әсер етпейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға 45 мыңға жуық Қытай азаматы келген. Бір ай бұрын Қытай туристердің топтық сапарларына шектеулерді бірден 40 елге алып тастады. Тізімде Қазақстан да бар.

Айта кетерлігі, аспан асты елінің тұрғыны саяхат турына кем дегенде мың доллар жұмсайды. Яғни, олар әлемдегі ең бай туристер қатарында.

«Экономикалық салым бойынша, өткен жылы Қытай туристерінен келген пайда 16 миллион АҚШ доллары болса, ковидке дейінгі 2019-да бұл 2 есе көп болды - 55 миллион АҚШ доллары түсті. Осы ағын қайта қалпына келеді деп ойлаймын», - деді "Kazakhtourism" ҰК " АҚ Басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы.

Бүгінде Қазақстан мен аспан асты елінің шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті бар. Қосымша теміржол салу жоспарлануда.

Елдің транзиттік мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану қажет, дейді сарапшылар.

Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 25 миллиард долларды құрады. Ал 30 күндік визасыз режим туралы келісімге Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылуы керек. Екі тарап үшін де бұл келісімнің болашағы зор. Қазақстандықтар IT-өнімдерге, медициналық қызметтерге, қытайлықтарға – көркем табиғат пен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларына қызығушылық танытады.

Тегтер: