Анна Данилина Берлиндегі турнирінің ширек финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Матч кезінде Анна Данилина мен Сюй Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды

Фото: kaz.zakon.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифань алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд пен ресейлік Вера Звонаревамен ойнады.

Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Матч кезінде Анна Данилина мен Сюй Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Қазақстандық-қытайлық теннисшілер енді жартылай финалға шығу үшін чехиялық теннисшілер Катерина Синякова мен Маркета Вондроушовамен кездеседі.