Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол дереу ауруханаға жеткізілген

Фото: kaz.zakon.kz

«Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының №4 цехындағы өрт кезінде өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғары температураға байланысты төбенің жабындысы опырылып түскен. Өрт сөндіруші зардап шекті, ол дереу ауруханаға жатқызылды (орташа ауырлық деңгейінде).

«Трансформаторлық шахталарда №15 белгіде құрал-жабдық пен сорғыға айдайтын май жанып жатыр, өрт шалған аумақ шамамен 50 шаршы метр», делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін сағат 16-00 шамасында Ақсу ферроқорытпа зауытындағы цехтың бірінен өрт шықты.

Тегтер: