Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді

Фото: kaz.zakon.kz

20 маусымда сағат 18.15 шамасында Қарағанды қаласынан 20 шақырым қашықтықта республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өңірлік ПД мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушісі де алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындылары бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.