Мамандар ауруды емдеуден гөрі, оның алдын алу оңай екенін ескертеді
Биылғы наурыздан бері Алматыда 600-ден астам адамның қызылшамен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.
«Биыл оңтүстік мегаполисте наурыздан бастап қызылшаның 636 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 528 жағдай (83,0%). Өткен жылы қалада қызылша мен қызамықтың зертханалық расталған жағдайлары тіркелген жоқ», - деп атап өтті департамент өкілдері.
Мамандардың айтуынша, қызылша – адамдар үшін аса контагиозды жұқпалардың бірі, өйткені инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрының немесе тамағының бөлінісімен тікелей байланыста болады.
Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі.
«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуде. 8730 қарым-қатынаста болған адам анықталды, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылшаға қарсы шұғыл иммундауға жататын 277 адам егілді. Барлық байланысқан адамдарға медициналық бақылау белгіленді, ошақтарда қызылшаның алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді», - дейді дәрігерлер.
Қызылшаны жұқтырудан, сондай-ақ олардың асқынуынан сақтандыратын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация екенін еске салады. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста 2 рет жасалады, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.
Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қалалық емханалардың барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
«Мәселен, ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес ағымдағы жылы иммундауға жататын балаларды жоспарлы иммундауды жүргізу үшін ағымдағы жылдың 8 маусымында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының вакцина қоймасына ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында 37 200 доза мөлшерінде тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке (ҚКП) қарсы біріктірілген вакцина келіп түсті. Балаларды жоспарлы вакцинациялау тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі. Қалған тұрғындар ақылы негізде жеке егу кабинеттерінде қызылшаға қарсы екпе алуына болады», - делінген хабарламада.
Қаладағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары аурудың белгілері пайда болған кезде мыналарды қатаң түрде ұсынады:
Мамандар ауруды емдеуден гөрі, оның алдын алу оңай екенін ескертеді.