Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», – деп жазды президент.