Мемлекет басшысы Түркістанға барды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына қатысады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, президент әкімшілігінің басшылық құрамы, президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.