Мұндай шешімді қала әкімі шығаруы тиіс
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.
Ведомствоның өкілі бұл мәлімдемені «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Ашық алаң» ток-шоуында жария етті. Оның айтуынша, қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын қосқанда, елімізде 27 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталған.
«Б» жоспары бойынша жергілікті басқару органдары мен әкімдік шешеді. Бүгін сондай мәлімет болуы керек. Мүмкін қаланы да жабатын шығар», - деді Диас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, қандай да бір қаланы каратинге жабу мәселесін сол қаланың тікелей басшысы шешеді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 16 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.