$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2020, 12:42
Қоғам

Ауруханалар мен интернаттар карантинге жабылады – министр

Медициналық мекемелерде фото, видео түсіруге, аудио жазуға тыйым салынады

Ауруханалар мен интернаттар карантинге жабылады – министр
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі барлық медициналық, әлеуметтік медициналық ұйымдар мен интернаттар карантинге жабылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

«Бұл мекемелерге тек сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі. Басқаларға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі. Медициналық мекемелерде фото, видео түсіруге, аудио жазуға тыйым салынады», - деді министр.

Министр төтенше жағдай кезінде халықты сабырға шақырды.

«Бұл емделетін инфекция. Диагноз қоя алатын күшіміз бар», - деп айтты ол бұл жайлы. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында СOVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 14 адамның тіркелгенін хабарлаған еді.

Коронавирусқа байланысты кез келген сұрақ бойынша 1406 нөміріне хабарласуға болады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары