Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 наурызда таңертеңгі сағат 9-дағы мәліметке сәйкес, Алматыда коронавирус инфекциясы тағы 3 адамнан табылған.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті. Қазір Алматыда он бір, Нұр-Сұлтанда екі науқас ауруханада жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды.