Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты
Қазақстанда аз қамтылған немесе көпбалалы отбасындағы жұмыссыз азаматтарға 4 пайызбен жеті жылға дейін шағын несиелер беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айттыі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Аталған бастама «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.
«Бұл бағдарламаға 2020 жылы 123 млрд теңге қарастырылған, 535 мың адамды қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Егер де «Еңбек» бағдарламасы бойынша, шағын несиелер 6 пайызбен бес жылға дейін берілетін болса, аз қамтылған немесе көпбалалы отбасындағы жұмыссыз азаматтарға бұл несие 4 пайызбен жеті жылға дейін берілетін болады», - деді министр.
Сонымен бірге, аз қамтылған немесе көпбалалы жанұя мүшелері үшін кішігірім жеке бизнес ашуға тегін қайтарымсыз гранттар беру тәртібі де өзгертілді. Мұнда бір айлық кәсіпкерлік негіздері туралы міндетті оқу талабы алынып тасталды. Яғни, олар оқудан өтпей-ақ, грант ала алады.