Облыста жол-көлік оқиғасы 17 пайызға артқан
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Түркістан облысының халқымен кездесу кезінде облыстағы көліктердің жол ережелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қорғау» жүйесі Түркістан облысында да жұмыс істейді. Бұл пилоттық жоба ретінде енгізілген. Оң нәтижесін көрсеткен соң, өндірістік тәжірибеге енгіземіз. Бір жыл ішінде орблыста 3 мың көлік арнайы тұраққа қамалды. 341 жүргізуші куәлігінен айырылды. Мысалы, Армения есебінде тұрған автокөлік жол жүру ережесін 37 рет бұзған. Айыппұл құны 1 млн теңгеге жететін жүргізуші ұсталып отыр. Біздің жұмысымызда әлі де немқұрайлылық бар. 102 нөмірлі KIA автокөлігін бүгін ұстау керек. Жол ережесін 25 рет бұзып, 966 мың айыппұл салынып отыр. Audı автокөлігі 1 млн теңгеге 24 бұзушылық жасаған», - деді ол.
Ахметжанов атағандай, оларды анықтайтын жүйе бар.
«Мыналардың жолын неге кеспейміз? Жауаптылықтан босатылғандар, ертең қылмыс жасайды. Осылардың барлығын айыппұл тұрағына қою керек. Біз үшін халықтың қауіпсіздігі маңызды. Түркістан облысы бойынша жол-көлік оқиғасы 17 пайызға артып отыр. Облыс бойынша жол апатынан 80 адам қаза тапқан», - деді министр.