Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды
Қазақстанға Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды. Қатар Әмірі шейхы Қазақстанға жұмыс сапармен келген.
Бүгін екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқыланады.
Екі елдің басшылары бұған дейін де мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын жан-жақты талқылаған.
Көшбасшылар сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Сондай-ақ өзара сауда-саттық көрсеткіштерін арттыру жоспарланып отыр.