«Кезінде бұғып қалмағанымның нәтижесін көріп отырмын»: депутат сауалы арқылы мәселені шешкені жайлы

Автор: Аягөз Құрмаш

Қалыйма Жантөреева Кентаудағы ЖЭО құрылысына 739 млн теңгенің бөлінуіне ықпалдасқан

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева депутаттық сауалы арқылы Кентаудағы жылу энергостанциясын қатты отынмен қамтамасыз етуге қаржы бөлуге ықпалдасқан, деп хабалайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың қыркүйегінің басы болатын бір топ жылу энергоорталығының техник мамандары кәсіпорынның тоқтап қалу қаупі бар қаржы бөлінбеген жағдайда, біздің ЖЭО-да Екібастұздың кейпін кешуі мүмкін екенін айтып, менен облыстық мәслихат депутаты әрі облыстың құрметті азаматы ретінде бюджеттен қаржы бөлдіртуіңізді сұраймыз деді. Былтырғы 6 қыркүйекте депутаттық сауал жолдадым, облыстық мәслихат сессиясында 739 млн теңге қаржы бөлініп кәсіпорын қыстан шықты. VllI шақырылымда қайтадан Түркістан облыстық мәслихатына депутат болып сайландым. Бітпей қалған халық сұранысын әрі қарай қозғауды, күрделі жөндеуді қажет ететін ЖЭО-5-тің мәселесін тағы көтердім. Бұл жолы облыс қолдап Үкімет араласты, негізделген бюджеттік тиісті ұсыным жолданды. Бұғып қалмай кезінде проблеманы көтергенімнің нәтижесін көріп отырмын», - дейді депутат.

Кентау қаласында ЖЭО-5 кәсіпорыны 1934 жылы құрылған. Ал қондырғылар 1952 жылы орнатылған.

«Кентау қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында №5 Жылу электр орталығының (ЖЭО) 8 дана жылу қазандықтарын қайта құру жұмыстарын 2-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған. «Кентау қаласындағы, № 5 ЖЭО-ғы қазандықтарын қайта құру жұмыстарына жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу» нысаны бойынша тапсырыс беруші Кентау қаласы әкімдігі мен «ProfStroyInvest» ЖШС-і арасында келісімшарт түзілген. Сметалық құжаттамаға сәйкес жоба құны 13 701 181 млрд теңге құрады», - дейді ол.

Депутат соңғы он бес көлемінде шығармашылықпен айналысатынын айтты.

«Қоғамдағы өзекті проблемаларға тақырып тартады. Өңірлік басылымда үздіксіз жарияланып түрады. Кейбір эсселерім түрік тіліне де аударылды. Қоғамдық жұмыстар арқылы елдің көркеюіне үлес қосып жатқаныма қуаныштымын», - деді Жантөреева.