Шымкентте көк туды әуелеткен авто және велошеру өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада Рәміздер күнінің құрметіне бірнеше іс-шара өтіп жатыр

Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде авто және велошерумен жалғасып жатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Меркелік іс-шарада  патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе,  ардагерлер бірге қосылып шырқаған  патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің  қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.

Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен  50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өткені де қала тұрғындарына рух беріп,  мерекелік күннің абыройын асқақтатты.