Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырған
3 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ең үлкен және әйгілі LED экрандарының бірі Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны және оның алдағы Малайзиядағы жеке концертіне қолдау ретінде бейнеролик көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды.
Бейнеролик бір күн ішінде әр 20 минут сайын LED экранында көрсетілген. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы алғашқы жеке концерті 24 маусымда өтеді.