Жексенбіде елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Кей аймақтарға өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 4 маусымда елдің басым бөлігінде күн ыстық болатынын болжап, ескерту жасады, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Алматыда күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысының тау бөктерлі аудандарында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с. 05 маусымда күндіз облыстың батысында, 06 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде ауа температурасы 41-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Шымкентте жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі бар. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Абай облысының оңтүстігінде жел шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Жетісу облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с. Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 03 маусымда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында қатты ыстық 35-39 градус сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық 41 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының оңтүстік жартысында, 04-05 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41 градус сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында өте қатты ыстық 41 градус сақталады, төтенше өрт қауіпі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 41 градус күтіледі, төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 41 градус күтіледі, төтенше өрт қауіпі сақталады. Астанада күндіз қатты ыстық 36-38 градус күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.