Биыл елімізде отбасылық жанжал салдарынан 68 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артқан

Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері отбасылық тұрмыста 68 адам өлтірілді. Бұл туралы «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін БАҚ, әлеуметтік желілер тұрмыстық қылмыстар туралы басылымдарға толы. Бұл мәселе біртіндеп «көлеңкеден» шығады. 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Алайда, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз біз «үй тирандарын» жауапқа тарта алмаймыз. Жыл басынан бері отбасылық тұрмыста 68 адам өлтірілді», - деп тоқталды ведомство басшысы.