Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды
Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастаумен айналысқан 9 азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген рейд жұмыстары барысында «Жібек жолы» кеден бекетінде заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азамат анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.
«Өз кезегінде тәртіп сақшылары құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді, ескертті. Полицейлер бұл бағыттағы іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.