$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есірткі елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді – вице-министр

Ол жастарды спортқа назар аударуға шақырды

Есірткі елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді – вице-министр
Фото ашық дереккөзден

Есірткі еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Синтетикалық есірткі пайдаланатын адамдар жыныстық тұрғыда әлсіз болады. Көп серіктес ауыстырып, қорғанбаған жыныстық қатынаста жыныстық инфекция көбейеді. Оның ішінде ЖИТС-ті де жұқтыруы мүмкін. Жыныстық инфекция бедеуліктің немесе ұрпақтың саулығына әсер етуі мүмкін. Ерлердің жасушалары екі апта сайын жаңарады. Ал қыздарда жұмыртқа жасушасында қалады. Егер де қыздар 17-18 жасында синтетикалық есірткі пайдаланса, олардың ұрпағына әсер етеді», - деді Дудник.

Оның айтуынша, сондықтан да есірткінің қаупі өте жоғары.

«Есірткінің тарауы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан барлық жасөспірімді есірткіден бас тартып, назарын спорт пен махаббатқа, білімге аударуға шақырамыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары