Барлық азаматты балалардың құқықтары бұзулуы туралы кез келген жағдайды хабарлауға шақырамыз – Еділ Оспан
Вице-министр балаларға қолайлы жағдай тек бірлескен күш арқылы жүзеге асатынын айтты

Балаларға қолайлы жағдай тек бірлескен күш арқылы жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамымыздың ең кішкентай және қорғансыз мүшелерінің әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңыздылығын еске саламыз.Бірлескен күш-жігермен ғана біз балаларымыздың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Біз барлық ата-аналарды, ересектерді және қоғам қайраткерлерін балаларды қорғалған және сүйікті екендерін сезіну үшін жауапкершілікті өзіне қабылдауға шақырамыз. Балаларыңызға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз және кез келген жағдайда оларға қолдау көрсетіңіз. Сондай-ақ біз барлық азаматтарды балалардың проблемаларына назар аударуға және олардың құқықтарын бұзулуы туралы кез келген жағдайларды хабарлауға шақырамыз», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР білім вице-министрі Еділ Оспан.
Ол әрбір жетім баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.
«Жетім балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында отбасылық құрылымның баламалы нысандары енгізілді және қамқоршыларды, асырап алушы отбасылар мен асырап алушыларды материалдық ынталандыру көзделген. Сондықтан 22 080 жетім баланың тек 3 790-ы интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуде», - дейді Еділ Оспан.