Алматыда арбаға таңылған зейнеткерді құлдықта ұстап, қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге қатысты іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады

Фото ашық дереккөзден

Алматы полициясы мүгедек арбасында отырған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін желіде әлдебіреулер 66 жастағы алматылық кемтар әйелді құлдықта ұстап, күні бойы жол бойында қайыр сұрауға мәжбүр еткені жайлы ақпарат тараған болатын. Арбаға таңылған зейнеткерді жайма базарда еріктілер байқап қалған.

Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.