Тарифтерді төмен бағада ұстап тұру бойынша іс-шаралар қабылдаймыз – Питер Фостер

Аягөз Құрмаш

Оның айтуынша, ішкі тасымалдар нарығы қарқынды дамып келеді

Тарифтерді төмен бағада ұстап тұру бойынша іс-шаралар қабылдаймыз – Питер Фостер
Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Үкіметте Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер әуе тарифтері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта Қазақстандағы МӨЗ авиакеросин түрін шығаруды жалғастыруда, керосиннің бұл түрі тек Қазақстан мен Ресей Федерациясында өндіріледі, бірақ егер біз «Эйр Астананы» алсақ, бізге айына 20-25 мың отын қажет, бұл тек біздің қажеттілігіміз. Тағы «СКАТ» пен басқа тасымалдаушылар әлі де бар. Әрине, тарифтік саясат мәселесі көпшіліктің назарын аударады. Мен мұнда өте егжей – тегжейлі пікірталас ашқым келмейді, бірақ біз жұмыс істеп жатқан жағдайларда - экономикалық және күшті инфляциялық қысыммен қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанымызды атап өткім келеді», - деді ол.

Фостер тарифтерді мүмкіндігінше төмен ұстау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайтынын айтты.

«Біз ішкі тарифтер бойынша ешқандай қозғалыс немесе өзгеріс жасаған жоқпыз. «Fly Arystan» ішкі бағыттардағы тарифтерінің 54%-ы 14 мың теңгеден төмен, «Эйр Астана» 47% -ы 20 мың теңгеден төмен сатады. Егер «Fly Arystan» өткен жылы сатқан орташа тарифтерге қарайтын болсақ – бұл 49 доллар. 2019 жылы «Fly Arystan» іске қосылғанға дейін ішкі маршруттардағы «Эйр Астананың» орташа тарифі 81 доллар болды. Яғни, жалпы ішкі нарық өте жоғары қарқынмен дамып келеді, Қазақстанда 2020 жылы айтарлықтай төмендеу болғанына қарамастан, өсім 45%-ды құрады және ИАТА статистикасына сәйкес қазіргі уақытта бізде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан ішкі тасымалдар нарығы бар екенін білдіреді», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.