26.05.2023, 22:08
Қоғам
«Атырау – Алматы» пойызында жас келіншек босанды
Сәби сағат 21:52-де дүниеге келді
Фото: kaz.zakon.kz
№29/30 бағытындағы «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.
«Нұсқаулыққа сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем көлігін шақырды», делінген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды