25.05.2023, 18:47
Қоғам
Доллар, еуро, рубль: қазақстандықтардың шетел валютасына сұранысы азайған
Өңірлер бойынша, Алматыда шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген
nsk.rbc.ru
Қазақстандықтардың шетел валютасына деген сұранысы азайған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Бірінші несие бюросына» сілтеме жасап.
Сарапшылардың жазуынша, елімізде доллар, еуро, рубльге бірдей сұраныс азайған. Өңірлер бойынша, Алматыда шетел валютасына сұраныс күрт төмендеген.
«Сәуірде Алматыдағы доллардың сатылымы 3,7 млрд теңгені құраған. Яғни, сұраныс шамамен 11 есе қысқарған. Еуро мен рубльге деген сұраныс екі есе төмендеген. Ал Астанада долларға деген таза сұраныс бір айда 2,8 есе өскенімен, еуроны сатып алу көлемі екі есе қысқарған» – делінген хабарламада.
Доллардың наурыздағы сатылымы 122,8 млрд теңгені құраса, сәуір айында 73,2 млрд теңге болған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды