Ердоған апат аймағының тұрғындарына сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді

Azattyq Rýhy

Түркия Президенті әрбір сайлаушының пікірін құрметтейтінін баса айтты

Ердоған апат аймағының тұрғындарына сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ақпан айында жер сілкінісі болған аймақтың тұрғындарына сайлауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Twitter-де жариялаған жазбасында саясаткер саяси көзқарасына қарамастан әрбір сайлаушының пікірін құрметтейтінін баса айтты.

Мемлекет басшысы апат аймағын қалпына келтіру жұмыстары елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жағдай толық қалпына келгенше жалғасатынын айтты.

«Бүгінгі таңда 6 ақпандағы жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларда 910 мыңнан астам шатыр тігілді, 117 мың модульдік тұрғын үй құрылысы салынды», - деді Ердоған.

Түркия басшысы небәрі 57 күнде пайдалануға берілген оңтүстіктегі Хатай провинциясындағы Дефне ауруханасын мысалға келтірді.
 

«Бір жыл ішінде 319 мың үй салынады, жалпы 650 мың тұрғын үй салу жоспарлануда», - деді Ердоған.

Саясаткер апат аймағындағы баспанасынан айрылған тұрғындарға биылғы қазан-қараша айларында жаңа пәтерлердің алғашқы кілттері берілетінін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.