$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2023, 19:55
Қоғам

Индустрия министрі: Әкімдіктер жылу желілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жеделдетуі қажет

Бүгінгі таңда республика бойынша шамамен 14 мың шақырым жылумен жабдықтау желілері бар

Индустрия министрі: Әкімдіктер жылу желілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жеделдетуі қажет
www.gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен жылумен жабдықтау жобаларын іске асыру, алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және барлық облыс әкімдіктерінің басшылығы қатыстықан.

Жұмыс кездесуі барысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Төрағасы Тимур Қарағойшин баяндама жасады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша шамамен 14 мың км. жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54% құрайды.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% - ға дейін төмендету міндеті тұр.

Коммуналдық желілерді жаңғырту мақсатында министрлік қаржыландырудың үш тетігін іске асыруда:

  • нысаналы трансферттер,
  • бюджеттік кредит,
  • шығындарды 50%-ға дейін субсидиялау.

Жылу желілерін қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың басында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама ашылды.

Ол қаржыландыру арқылы ары қарай жалғастырылатын болады:

  • Мерзімі 0,01% бюджеттік кредиттеу тетігі
  • 20 жыл және субсидиялау тетігі (50% - МҚҰ; 50% - РБ жобасының жалпы құнынан).
  • Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігі іске асыратын "тарифті инвестицияға айырбастау" тетігі коммуналдық салаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, тозған желілер мен жабдықтарды қалпына келтіруді ынталандырады.
  • Алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындық мақсатында министрлік тарапынан әкімдіктерге келесідей тапсырма берілді :
  • 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету;
  • барлық инженерлік инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қоры және денсаулық сақтау объектілерінің орталық, солтүстік, шығыс өңірлерде және Астанада ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін, ал қалған өңірлерде ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • кестеде белгіленген мерзімде инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • автономды қазандықтар үшін отынды уақытылы дайындау және бар дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдау;
  • алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарларын қайта қарау және бекіту.
Серіктес жаңалықтары