Ақтауда үш баланың өлімі бойынша тергеу аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс прокуратураға жіберілді

Фото ашық дереккөзден

Үш баласын өлтірген ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.

«Іс прокуратураға жіберілді, содан кейін үкім шығару үшін сотқа жіберіледі», - деп хабарлады облыстық полиция.

Еске салайық, 2023 жылғы 24 наурызда Ақтаудағы 27-шағынаудандағы №46 үйде жантүршігерлік қылмыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам үш баласын пышақтап өлтірген. Оқиға орнына барған полицейлер ер адамды ұстаған, ал пәтерден зорлықпен өлтірілген 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіті табылды.