Коронавирус жұқтырған алматылық мінген ұшақта 41 қазақстандық болған

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша 3 адам қауіпті вирус жұқтырған

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласында екі адамның коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлаған. Енді ол Германиядан келген ұшақ бортында болғандардың бәрі қазақстандық емес екенін айтты.

«Германиядан келген бортта 73 адам болған. Олардың бәрі жалпы терминалдан өтті. Олардың 41-і –Қазақстан азаматы. Басқалары Германия, Қырғызстан азаматтары», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі қазір бортта болған барлық азаматтарды іздеп жатыр. Себебі, ол кезде Германия қауіп бойынша бірінші категориядағы мемлекет деп жарияланбағандықтан, азаматтар үйлеріне қайтарылған болатын.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Тегтер: