$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2023, 23:55
Қоғам

Арқалық қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 95%-ы тозып кеткен

Әсіресе инженерлі-коммуникациялық жүйесі әбден ескірген

Арқалық қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 95%-ы тозып кеткен
24.kz

Арқалық қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 95%-ы тозып тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Әсіресе инженерлі-коммуникациялық жүйесі әбден ескірген. Су, кәріз желісінің жарылуы күнделікті құбылыс. Биыл шағын шаһардағы 10 үйдің төбесін жөндеп, 15 үйдің сыртқы қабырғасын сылап, сырлау жұмыстары жүргізілмек.

Гүлсім Қазтаева 5 қабатты үйде 40 жылдан бері тұрады. Ес білгелі бұл үйде жөнді жөндеу болған емес, - дейді. Басты кінәрат төбесі мен жертөлесінде. Жабындысы жұқарғандықтан, төбеден су тамшылайды, кәріз, су желілері ескіргендіктен, жертөлесі де ылғалдан арылмайды.

Арқалық қаласында 133 көпқабатты үй бар. Соның барлығында дерлік осындай жағдай. Қала билігі қарап отыр деуге келмес. Мысалы, биыл 10 үйдің төбесін жөндеп, 15 үйдің сыртын сылап, сырлап келбетін келтіру көзделіп отыр. Оған облыстық қазынадан 100 млн, жергілікті бюджеттен 200 млн тенге бөлініп отыр.  

 «Барлық үйдің жөндеу жұмыстарына, сыртқы қабаттарын жөндеуге шамамен шаққанда 11 млрд ақша қарастыру жоспары жасалған-тұғын. Енді жылда 200-300 млн, 500 млн-нан бөлініп отырса, енді бір 5 жыл, 10 жыл көлемінде атқарылатын жұмыстар деп санаймыз. Жетпей де қалуы мүмкін. Ол қаражатқа байланысты деп ойлаймыз», - дейді Арқалық қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Жанат Құрмашева.

Арқалық қаласының кәріз, су желісін ауыстыруға да биыл қомақты қаржы қаралған.   

 «Биыл қаланың ішінде тек қаланың ішінде 25 шақырымға жақын су құбырларын ауыстыруға жоспарларымыз бар. Қазіргі мердігер компаниялар жұмысты бастап жатыр. Жақын арада жаңағы құбырлары – бәрі де келуі керек те, осы бір 10 шақты күннің ішінде бастап кетуі тиіс», - деді Арқалық жылу энергетикалық компаниясы директорының орынбасары Нұрлан Алин.

 Ал келер жылы Арқалықта 30 шақты көпқабатты үйдің төбесін жөндеп, сыртын қалпына келтіру көзделіп отыр. Бұл мақсатқа 350 млн тенге жұмсалмақ.

Серіктес жаңалықтары