Өнімнің құрамындағы токсиндік көлемі жоғары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Темекі индустриясының дамуымен нарықтық өнімдердің жаңа түрлері дамып жатыр. Бұл өнімдердің құрамында никотиндік құрамдар бар. Олар жүйке, жүрек, өкпе, ас қорыту органдарының қызметіне кері әсерін тигізетінін атап өту керек. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғау мақсатында шара қолданылуы керек», - деді Сәрсенбаева.
Ол атағандай, бірнеше жыл бұрын қазақстандық нарыққа электрондық темекі келгенін айтты.
«Электронды темекінің құрамында никотин болуы да, болмауы да мүмкін. Басқа қосапалар мен ароматизаторлар бар. ДДСҰ дерегінше, 16 мың ароматизатордың түрі бар. Олар адам ағзасына токсиндік әсер етеді. Вейптердің жаңа түрлері тыныс алу жүйелеріне кері әсерін тигізіп, гипоксияға алып келуі мүмкін. Зерттеулер аталған өнімнің токсиндігін жоғары екенін көрсетіп отыр. Бұл өнімді көп тұтыну никотинге тәуелді ұрпақты қалыптасытруы мүмкін. Қазір бұл өнімдер жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған», - деді ол.