Жыл басынан бері аудандағы 17 448 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
«Жер аманаты» комиссиясы жұмысын Алматы облысының Райымбек ауданынан бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті.
«Жыл басынан бері Райымбек ауданының пайдаланылмай жатқан 17 448 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп атап өтті Дәулет Кәрібек.
Оның ішінде:
Ал «A and D» company ЖШС-не қарасты 1500 га жер учаскісін қайтару үшін Ауылшаруашылығы министрлігі Жер комитеті мен аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып, тиісті актілер толтырылып, хабарлама жіберілді.
«Оған қоса, 18 000 га жер телімін қайтару бойынша жұмыстар жүруде. Оның ішінде «Шиндал-Сан» – 3500 га, Қуат ЛтД ЖШС – 14000 га, «Tengri Land» ЖШС-нің 400 га жерін қайтару үшін Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды», - деп атап өтті «AMANAT» Хатшысы.