Бірақ елге оралып жатқандар да бар
Былтыр елден 45 мың адам көшіп кеткен. Шекара асқандардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, сырт елдерге көшкендердің түрлі уәжі бар. Бірақ туған жеріне оралып жатқандар да аз емес. Мәселен, бір жылда Қазақстанға 30 мыңға жуық адам қоныс аударған. Олардың жартысынан астамы шеттен келген қандастарымыз. Мамандар көші -қон саласындағы теңсіздіктің туындауына өзге мемлекеттердегі әлеуметтік жағдай себеп болып отырғанын айтады.
«Әртүрлі себептер бар. Ең алдымен отбасы жағдайына байланысты көшетіндер бар. Көрші мемлекеттердегі көші-қон саясатына қызығып тұрмысын жақсарту үшін немесе білім алу мақсатында кетіп жатқан азаматтар көп», - деді Көші-қон процестерін мониторингілеу басқарамасының басшысы Дастан Айтқұлов.