Қазақстанда бір миллионнан астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді
Қазақстанда кедейлердің саны 40 мың адамға көбейді. Finprom сарапшыларының мәліметінше, елімізде бір миллионнан астам отандасымыздың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.
Өткен жылмен салыстырғанда кедей өмір сүретін қала тұрғындардың үлесі 3,8-ден төрт пайызға, ал жағдайы нашар ауыл халқы 0,1 пайызға артқан. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң дерегінше, 2022 жылы проблемалық санат ретінде 49,5 пайыз отбасы, яғни 9,1 млн адам тұр. Мәселен, былтыр ең төменгі табыс жан басына шаққанда 33 мың 500 теңгені құраған. Бұған шығынның көбеюі себеп болуы мүмкін. Өйткені азық-түлік, киім-кешек пен ақылы қызметтер құны қымбаттаған.