Алматы облысының судьясы мен МКД қызметкеріне қатысты тергеу жүргізілуде – Антикор

Автор: Azattyq Rýhy

Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы шешім шығарғаны үшін пара алған

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.