Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр
Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов ширек финалға өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасты.
Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі басымдықты үндістандыққа берді. Екінші кезеңде қапталдағы бес қазы түгелдей Дулатты басым деп тапты. Қорытынды есеп те солай болды – 5:0.
Осылайша, Дулат Бекбауов та ширек финалда бақ сынайтын болды.
Еске сала кетейік, бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.
Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.
Махмұд Сабырхан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты.