Синоптиктер 10 мамырдағы күн райына болжам жасады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Қызылорда облысында өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.