06.05.2023, 11:02
Қоғам
Конгода су тасқынынан 176 адам қаза болды
Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр
Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бушушу және Ньямукуби ауылдарында түні бойы нөсер жауын жауып, Чибира өзені арнасынан тасыған. Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін апаттан 72 адам мерт болғаны туралы жазылған еді.
Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды