ДДСҰ коронавирусты пандемия деп атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз» деген пікір қалдырды.