Ақмола облысындағы білім беру ұйымдары тауарды екі есе бағамен алмақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Бірақ қос мекеменің бұл жоспары жүзеге аспады

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы бірақатар білім беру ұйымдары мемлекеттік сатып алу  аясында тауарды екі есе бағамен алмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Мәселен, Ақкөл ауданындағы оқу ошақтарының бірі оқу кабинетін жабдықтауға 17 млн теңгеге өтінім бергені белгілі болды. Ал оның нарықтағы бағасы 8,5 миллион теңге ғана. Ал Зеренді ауданындағы білім бөлімі болса бензинің литрін 321 теңгеден алуды көздеген. Бірақ қос мекеменің бұл жоспары жүзеге аспады.

Жыл басынан бері 400 миллион теңге үнемделген. Ал егер «тапсырыс берушінің өтініші дәлелденсе, тиісті қаражат бөлінеді» дейді сала мамандары.