Уағыз жүргізген ақтөбелік әйелге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция тұрғындарға ескерту жасады

Көрнекі фото

55 жастағы ақтөбелік әйел пәтерді жалға алып, онда тиісті тіркеусіз уағыз жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен уағызшы келіншекке 265 мың теңге айыппұл салынған.Басқа жағдайда 30 жастағы ер адамнан діни сипаттағы тыйым салынған әдебиеттер алынып, оған да  176  мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Осындай заңсыз әрекеттердің көбеюіне байланысты полиция тұрғындарға ескерту жасауға мәжбүр.

 «Әлеуметтік желілерде діни сипаттағы тыйым салынған аудио және бейне жазбаларды сақтап, тарататын фактілер бар, бұл үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік көзделген»,-делінген хабарламада.