Жыл басынан бері қанша адам қандас мәртебесін алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1,1 млн астам этникалық қазақ оралды

Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 6,1 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хэабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.

«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды», - делінген хабарламада.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.