Олардың барлығы жол картасына енгізілген
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова кешіктірілген су құбырларының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министр іске асырылуы кеш жүргізіліп жатқан жобалар туралы айтып берді.
«Есқұла су құбыры 2010 жылы басталды, ол бірнеше рет түзетулерге ұшырады, осыған байланысты нысанды пайдалануға беру кешіктірілді. Бүгінгі таңда нысан су ресурстары саласындағы «ұзақ құрылыс» нысандарының Жол картасына енгізілген. Бұл ретте қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, барлық тиісті қаржы бөлінгенін атап өтемін. Барлық жұмысы осы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр»,- деді ол.
Оның айтуынша, аталған Жол картасында Преснов топтық су құбыры (І кезек) жобасы да бар.
«Жобаны іске асыру 2014 жылы басталды, мердігер 2018 жылға дейін «СМП-610» ЖШС болды, ол өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты шарт сот шешімі бойынша бұзылды. Сонымен қатар 2017 жылы жобаға түзету енгізілді, себебі СҚО әкімдігінің хаттарына сәйкес Есіл және Мамлют аудандарында 6 АЕМ-де (100 адамнан аз) халық санының аздығына байланысты осы АЕМ-дегі су жинау құрылыстарының кешені су тарату пунктіне ауыстырылды»,- деді ол.
Министр ҚМЖ жалғастыру үшін 2018 жылы «ҚазСуШар» РМК-мен шарт жасалғанын айтты.
«Құрылыс құнының сметалық есебі 2012 жылғы бағамен бекітілгенін ескере отырып, материалдардың қымбаттауы себебінен құрылысты жалғастыру мүмкін болмады. Бүгінгі таңда жобаны түзетудің орындылығы республикалық бюджеттік комиссиясының 18.10.2022 жылғы №20 шешімімен қолдау тапты. Жобаны түзетуді аяқтау 2023 жылдың мамырына жоспарланған. Бұдан әрі бас мердігер қалған 81 км магистральды төсейтін болады, содан кейін сорғы және тазарту жабдықтарын байлау және қосу жүзеге асырылады», - деді Сүлейменова.
2023 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға 1,0 млрд теңге қарастырылған.
«Нысан 2024 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде халық саны 23,2 мың адам болатын 12 АЕМ сумен жабдықтау жақсартылатын болады.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап Соколов ТС 2-кезегін реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, шарт 2021 жылы біржақты тәртіппен бұзылды. 2022 жылы сот ісі жүргізілді. Сонымен қатар жобаны іске асыру барысында жұмыс сызбаларында да, сметаларда да көптеген заңбұзушылықтар мен олқылықтар анықталды. Осыған байланысты Жоба түзетіліп, 2021 жылғы қарашада мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды», - деді ол.