Қазақстанда қандай этнос өкілдері тұрады?

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа этнос өкілдері», - делінген хабарламада.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн. Орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Өзбектер Түркістан облысында көп – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 120 мың адам.