Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейд
Қазгидромет 29 сәуір – 1 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында оқта-текте бұршақ жаууы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.
«Кезең соңында Солтүстік антициклонның ығысуымен елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік, ал шығыста 1-10 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр», - дейді синоптиктер.