Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан астам психотроптық a-PvP заты тәркіленді
Ақмола облысында полицейлер cинтетикалық есірткі шығаратын зертхананы жойды, деп хабарлады, Azattyq Ruhy Polisia.kz. сілтеме жасап.
Астрахан ауданының тұрғыны тұрғылықты мекен-жайының жанынан қосалқы үй салып, ол жерді синтетикалық есірткі өндіретін орынға айналдырған.
«Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан астам психотроптық a-PvP заты тәркіленді. Сондай-ақ «синтетика» жасау үшін пайдаланылған зертханалық жабдықтар, пластикалық канистрлер және прекурсорлар салынған шыны банкалар тәркіленді. Тиісті сараптама жасалады», - деп мәлімдеді ведомство.
Жедел қызметкерлердің айтуынша, шамамен 2022 жылдың қараша айында ер адам Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа орналасқан. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды.