Си Цзиньпин Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды талқылап, Украинадағы дағдарыстық жағдайға қатысты пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz сілтеме жасап.
Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай Украинада атыс-шабыстың тезірек тыйылуына мүдделі екенін атап өтті.
«Қытай қысқа мерзім ішінде келіссөздер процесіне және атысты тоқтату шараларына батыл ат салысатын болады», деп телеарна Қытай көшбасшысының сөзін келтіреді.
Зеленский Twitter-де әңгіме «ұзақ және мағыналы болады» деп жазды:
«Бұл сөзталқы, Қытайда Украина елшісінің тағайындалғаны секілді, біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына күшті серпін береді деп санаймын».
Қытай теледидары Си Цзиньпин Зеленскийге Украинаға өз өкілін жіберетінін айтқанын хабарлады.
Бұл - өткен жылдың ақпан айынан бері екі ел көшбасшыларының алғашқы әңгімесі.