Цифрландыру министрі өзі сөйлеп жатқанда байланыстың қайта-қайта үзілуіне қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында «Қолжетімді интернет» пилоттық жобасын таныстырды

«Сол кезде тікелей эфирде техникалық ақаулар орын алып, байланыстың нашарлығынан министрдің сөзі еміс-еміс естілді», деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мусин осыған қатысты Facebook-тегі парақшасында түсініктеме берді.

«Бүгін мем-қаһарманы атандым. Желіде қызық ролик тарай бастады. Ол арада мен интернет сапасы туралы айтып жатқанымда трансляция қайта-қайта үзіледі. Достарымның барлығы оны міндетті түрде маған жолдауды жөн санапты. Рақмет, әрине. Жағдайды есепке алсақ, шынымен де бұл күлкілі. Болашақта бұлай масқара болмауға тырысамыз», деп жазды Бағдат Мусин желіде.

Осы орайда, Цифрлық даму министрі Үкіметтегі баяндамасының негізгі тезистерін былайша қысқаша баяндап берді: 

- 3000-нан астам ауылға 60 мың шақырым болатын оптика жүргізіліп, 504 ауыл спутник арқылы интернет желісіне қосылады;

- халық пен бизнес кемінде 100 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі;

- ескірген ADSL технологиялары Интернетке қол жеткізудің заманауи жоғары жылдамдықты технологияларына ауыстырылады;

- 3,4 мың мектепте Интернет жылдамдығы артады, бүгінгі таңда 3 мыңнан астам мектепте жылдамдық қарқыны артты;

- 2027 жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар 17 мың автожол мобильді интернетпен қамтылады (2024 жылы – 4 000 шақырым, 2025 жылы – 4 000 шақырым, 2026 жылы – 4 500 шақырым, 2027 жылы – 4 500 шақырым);

- 4 жылдан кейін республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен 75% - ға, ал облыс орталықтары 60% - ға қамтылады.

- Елдегі Интернеттің сапасын одан әрі арттыру үшін Заңға кейбір түзетулерді енгізу қажет.- Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде, 2027 жылы үйдегі кең жолақты Интернетке қол жеткізу желілерінің ену деңгейі 100%-ды құрайды;

- Қазақстанға «сұр схема» бойынша әкелінген ұялы телефондар бұғатталады;

- ұрланған абоненттік құрылғылардың тізілімі құрылды https://imei.rfs.gov.kz, онда сіз сатып алған телефонның ұрланған-ұрланбағынан тексере аласыз;

- «Батыс-Шығыс» Ұлттық гипермагистралінің құрылысы аясында құрылысы Каспий түбімен 400 шақырымға дейін жететін оптика салынады;

- Транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталығын құру қарастырылуда.

 оны міндетті түрде маған жолдауды жөн санапты. Рақмет, әрине. Жағдайды есепке алсақ, шынымен де бұл күлкілі. Болашақта бұлай масқара болмауға тырысамыз", деп жазды